Previous Page  174 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 256 Next Page
Page Background

174

Дәулетбек Байтұрсынұлы,

Алматы қаласы.

НҰРҒА ҒАШЫҚЖҮРЕГІМ

Миғраж түні көтерілдің сағымдай,

Ердің көкке екіұдайға салынбай.

Жәбрейілдің бастауында бардың сен,

Жаратқанның жандың көкте шамындай.

Басын иіп есік ашты әр аспан,

Періште тоқтап, ал, Пайғамбар ары асқан.

Пәрмен алдың Хақ Алланың алдында,

Құтқаруға үмбетіңді адасқан.

Жұмақпенен сүйіншілеп пендені,

Адамдарға қайта оралдың жердегі.

Бес уақыт намаз, «бақара» сүре – соңғы аят,

Аманат қып Жаратқанның бергені.

Бір Аллаға серік қоспай бағынса,

Тәубе десе, жылпылдамай сабынша.

«Берем»,- деді кешірімін раббым,

Құлым бойда күнәсінен арылса.

Дедің де, сен, құшағыңды аш, Алла,

Шуақ шаштың жердің жүзі жаһанға.

Алла құлы – Адам ата ұрпағы,

Кетпесін деп айналып сол жат аңға.

Сынақ өмір нәпсі дұшпан күресер,

Пайғамбарсыз көкіректен күн өшер.

Хабибімнің тері тамған жер беті,

Көктемдегі қызғалдақ боп гүл өсер.