169
Бұрқашев Роман Бауыржанұлы,
Алматы қаласы,
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық
консерваториясының 1-курс студенті.
Ана сүті
РАББЫМның,
Мына әлемді бар қылып керек еткеніне,
Керек еткеніне, сан ғажап кереметтеріне
Тамсана қағам таңдайды.
Тамсана қағып таңдайды,сәждеге қоям маңдайды.
Құдіретін мендегі мына ет жүрек,
Ана сүтімен дарыған, ана тілімен жырлайды.
Жырлайды-дағы тынбайды.
Кел,бауырым, жаныма менің жақын кел,
Салмақтап айтқан мендегі сырдың нарқын көр.
Сезбесе түйсік, ұқпаса санаң жаныңа соны
тұт-қайғы,
Айтайын саған анаңнан емген кәдуілгі құнар
сүт жайлы.
Жан тамсанар,
Мұнда бір сыр бар,
Сүт жайлы айтқан демегін түк те ұтпайды.
Ғибратымен ұқ жайды.
Сүт деген досым ағзаның керек мол емі,
Сен туылмағанда, анаңда уыз жоқ еді.
Шыр етіп даусың, көргеніңде нұрын ғаламның,
Барлығы сені әлпештеп өбер болар күн.
Сол сәтте аналық мақсұтын көріп,
Мәпелеп саған ақ сүтін беріп,
Ийді төсі анаңның.