168
Бөрібай Оразымбет,
Қазақстан және Өзбекстан Жазушылар
одақтарының мүшесі.
Мойындау
Өмір-көште қайнаған базарымның,
Жүрегімнің ұстандым тазалығын.
Бірақ, талай намазды қаза қылдым,
Ақиретте АЛЛАға жазалымын.
Ләззатына мас етіп бұла күнім,
Әз басымнан өткердім күнәні мың.
Майтабаннан махаббатқа машық болсам,
Бір АЛЛАның алдында кінәлімін.
Айтшы достым, болжаған ғайыпты кім?
Күйін шерттім сан ірет аиыптының.
Мұзбалағы Музаның атандырған,
Тек АЛЛАның алдында айыптымын.
Дінім, ділім дән теріп талғамменен,
Жүргеніме себепкер АЛЛА дер ем.
Азабы мен ғажабына сабыр сепкен,
Екі дүние біргемін АЛЛА менен.
Айыпты да, кінәлі, жазалымын,
Ойым, санам, жүрегім- тазалығым.
Үндес, мұңдас ақындар талдайды әлі,
Өлеңдерін Мырзашөл қазағының ...
Р.S: Белбеуіндей бабамның ширатылған,
Оймақ ойлар жыр болды мыйда тұрған.
Жүрегімнің төріне жыйған Иман,
О дүние мен бұ дүниелік Пирамидам !!!