Previous Page  162 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 256 Next Page
Page Background

162

Аллаға мадақ

Жасаған робытында міні жоқ қой,

Міне, шебер»- дейді-ау жамағатты.

Халқым ау сәл де болса ойлаңдаршы

Роботың сезе мекен махаббатты ?

Сезетін махаббатты күйікті де

Аллаһым жаратты ғой адамзатты

Жаратқан бұл ғаламды тау мен тасты

Сөз жетпейтін ғажайып табиғатты

Өзінің таңғажайып шеберімен

Бір өзі бар әлемге нұрын шашты.

Он сегіз мың ғаламды Жаратушым

Нағыз шебер бір өзің бір Аллаһым

Басқалар шебер болып аталса да

Шебердің шеберісің жалғыз, РАББЫМ!

Асылдардың асылы бір өзіңсің,

Патшалардың патшасы бір өзіңсің,

Бұл өмірді сыйға тартқан, Аллаһым,

Бар ғаламның құлпын ашқан кілтісің.

Шүкіршілік пенде боп жаратылғам,

Исламнан нәр алады дара тұлғам.

Шүкір Алла өзіңді танып өскем,

Өмірде Аллаға құл болып өтем.

Шүкір, Алла, арайлап атқан күндеріме,

Шүкір, Алла, қимай батқан түндеріме,

Шүкір, Алла, қадам басып жүргеніме,

Шүкір, Алла, жалғанды көргеніме.