Previous Page  159 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 256 Next Page
Page Background

159

Алтынбеков Усимхан,

Алматы қаласы.

Ей, Бауырым!!!

Өміріңді өткізбе бос, жүрме тек,

Иман келтір, бір Аллаға тәубе ет.

Парыз болған амалдарды орындап,

Намаз оқы, ораза ұста, бер зекет.

Ғибадат ет бір Аллаға сыйынып,

Рукуғ, қиям, сәждеге бар иіліп.

Садақа бер, игі істер көп істеп,

Сауап жина харамнан сен тыйылып.

Жаратылған мақсатымыз - ғибадат.

Кем болмайсың етсең, барға қанағат.

Әке -шеше, аға, іні, бауырың,

Нағыз бауыр - ол мұсылман жамағат.

Дархан болсаң, келер саған берекет.

Алла қолдап, аулақ болар бәлекет.

Ниетіңе қарай Алла береді,

Жасасаң сен дұрыс амал әрекет.

Пайғамбардан бізге жеткен хадис бар,

бұл істе азғыратын әдіс бар.

Уәсуәсәнің жетегінде кеткендер,

Жәннәттің де есігінен алыстар.

Бір Алладан бізге түскен Құран бар,

Исламның тура жолын ұрандар.

Ненің халал, ненің харам екенін,

Білмейтіндер білгендерден сұраңдар.