Previous Page  155 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 256 Next Page
Page Background

155

Айтуар Боранбайұлы Бекежанов,

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы.

Шеберді шебер дегенше,

Алланышебер десейші

Бисмилаһир рахманир рахим

Уа, бауырым, тыңда менің сөзімді,

Жақсылыққа, адалға бұр көзіңді.

Тәубе қылып, қолыңдағы барында,

Тілесеңші сабыр менен төзімді.

Сынақ екен бұл өмірің ұмытпа,

Шүкір айтып, Хақ Аллаһты ұлықта.

Жақсы амал, сауаптарға асыққын,

Қадам баспа шайтан арбар тозаққа.

Бес намазың, бес саусақтай түгелі,

Қаза болмай орындалсын үнемі.

Нәпсіге ермей, малыңнан бер жетімге,

Сонда Аллаһ шапағатын төгеді.

Иман, сенім жүрегіңде көп болсын,

«Аллаһ бар ма?» деген күмән жоқ болсын.

Әр пендеге жылы шырай көрсетіп,

Ашушаңдық өн бойыңда жоқ болсын.

Шамаң келсе, Меккеге бар асыққын,

Қажы атанып, мерейіңді тасытқын.

Кеуде керу, тәкаппарлық – дұшпаның,

Оңдайдан сен, бауырым, жүр қашық тым.

Сауда жаса, алдама бірақ пендені,

Пайғамбар да (с.ғ.с) бұл жөнінде не деді?

Адал болсын сатып жатқан дүниең,

Күш қолданып тартып алма теңгені.

Арақ ішпе, наша шекпе, абай бол,