Previous Page  153 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 256 Next Page
Page Background

153

Таңдаулы діни өлеңдер

Ұмытып Жаратқанның шарапатын,

Кететін кезіміз көп шектен шығып.

Сауап жи, бақыт тіле, басқаға да,

Жазықсыз жаға көрме аққа қара.

Адасқан ашық күнде құлдарыңның,

Күнәсін өзің кешір, хақ Тағала.

Сәждеге басын қойған жамағаттың,

Қазығы мәңгі бекем қағидаттың.

Бейіштің әр пендеге есігі ашық,

Шартынан жаңылмасаң шариғаттың.