149
Қожахмет-Яссауи Біртайұлы Исабаев.
Талғар ауданы,
Ақтас қыстағы.
ӘЗ ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.) НАМАЗЫ
Әз Пайғамбар намазы жаттағаным,
Таңсәріден тұрып ап қаттағаным.
Бойға күш, дәтке қуат себелейді,
Сенген жанды кемелге анық жетелейді.
Әз Пайғамбар үйреткен намаз жолын,
Көрсетіп амалдарын, оң мен солын.
Аманатқа қалдырған Ол сол намазды,
Ұстанған жан тапсын деп тура жолды.
Әз Пайғамбар сүйіктісі Жаратқанның,
Демеп жүрер сақтағанды намаз қамын.
Жаратқан да өз досын қуаттайды,
Үмбетім деп көрсеткен ізгі жолын.
Әз Пайғамбар намазын оқимын деп,
Көріп тұрмын адамды жиылған көп.
«Иншалла ұзағынан бере гөр», - деп,
Мен де тұрдым қатарға тілек тілеп.
Әз Пайғамбар айтады куә болып,
Қатарын періштелер анық көріп.
Қатары біздікіне ұқсас дейді,
Ұйыған Жаратқанға бойұсынып.
Әз Пайғамбар намазын өтеу парыз,
Алмайық мойнымызға артық қарыз.
Жиырма төрт сағаттың бір бөлігін,
Қияйық тура жолға еш күмәнсіз.