Previous Page  154 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 256 Next Page
Page Background

154

Абдуллаева Айжан Жұмабекқызы,

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,

Жосалы кенті

Көркеммінез – көркіміз

Тіршілігімнің түйініндей,

Иманымның қорған киіміндей,

Көркем мінез бере гөр.

Келін болып еліме жағар,

Жәннатқа бастайтын еріме жағар,

Көркем мінез бере гөр.

Дархан даламның данасындай,

Нағыз мұсылманның анасындай,

Көркем мінез бере гөр.

Сап көңілімді сабама түсірер,

Сақ тілімді санама пісірер,

Көркем мінез бере гөр.

Жаныма жамағат жиылар,

Қаныма шүкір қанағат құйылар,

Көркем мінез бере гөр.

Дүниені тәрк ететін,

Қайырымды іске мәрт ететін,

Көркем мінез бере гөр.

Ақыретте азық болатын,

Адастырмас темірқазық болатын,

Көркем мінез бере гөр, Алла!