152
Айдын Кәлімхан,
Талдықорған қаласы.
Шартынанжаңылмасаң
шариғаттың
Болған соң періште емес, нарқың адам,
Дүние қызықтырар жарқылдаған.
Сенерім жер-жаһанда небір тылсым,
Алланың құдіретінен артылмаған.
Елшісін Мұхаммедтей сыйлап ұлық,
Мейірін мейрімді Алла құйған тұнық.
Бекіген дініміз бар – хақ ислам,
Жылуы жүректердің – имандылық.
Сақта деп, күнәдан пәк бойды кілең,
Жаратып бізді Тәңір қойды білем.
Ақ жолдан алыстатып кетер кейде,
Құбылған шайтан көңіл ой-дүниең.
Кітабым қасиетті -Құран-Кәрім,
Алған жан азғындамас мұнан тәлім.
Қашан да Жаратқанның берері мол,
Шын болса, ниет етіп сұранғаның.
Жан едім жалғандыққа төзе алмаған,
Бұл күнде сұрқия көп көз алдаған.
Алтынмен апталса да, тіршілікте,
Тірі жан cол жазмыштан оза алмаған.
Шен берсе, біреулерге шекпенді қып,
Құл болып, қу нәпсіге кеткен ығып.