Previous Page  156 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 256 Next Page
Page Background

156

Аллаға мадақ

Бәрін біліп, естиді де, қарайды - Ол.

Күнә жасап, түзелмесе пендесін,

Қияметте зор азаппен қинайды - Ол!

Мұхаммедті (с.ғ.с) пайғамбар деп қадірле,

Жақсы болар хал-жағдайың қабірде.

Мүнкәр, Нәкір сұрақ астына алғанда,

Нәби (с.ғ.с) салмас өз үмбетін жәбірге.

Сақта әман дидарыңды харамнан,

Аш болсаң да, жемеген жөн арамнан.

Ібілістің арбауына алданба,

Сонда саған харам болар жаһаннам.

Хадис оқы, дұға жатта, отырма,

Жол көрсеткін көзі көрмес соқырға.

Раббыңды сен әркез мақтап, мадақта,

Айналмассың тозақ жанар отынға.

Серік қоспа, Аллаһқа сен, ей, адам,

Ауыр ғой ол, ауыр барлық күнәдан.

Кешірілмес бұл амалдан сақтанғын,

Ауыр күнә, артық тіпті зинадан.

Оңай емес, бұл жалғанда ештеңе,

Риза бол, сен, не жазса да тағдырға.

Қуаныш пен қайғыда да бірдей бол,

Түзелетін уақытым жоқ, кеш деме.

Тауфиқ тіле, қабыл қылар бір Аллаһ,

Әрбір ойың іске асар, иншаллаһ.

Беруші де, алушы да – Жаратқан,

Күн сәулесін жер бетіне таратқан.

Арман бар ма Расулдың (с.ғ.с) үмбетінде,

Бөленсе егер Аллаһтың рахметіне.

Кеудеңдегі иманың таусылмасын,

Аман болғың періштенің лағынетінен.