144
Аллаға мадақ
Жыл сайын қасиетті Мәуліт күні,
Сағынышпен еске аламын мен өзіңді.
Үмметіңді ібілістен сақтандырдың,
Артыңа Құран сүннетіңмен жол қалдырдың.
Өмірден өтер сәтіңдіде баяу үнмен,
«Үмбетім, үмбетім» деп жан тапсырдың.
Бір Алладан өзге ешкімге табынбаймыз,
Өзіңе салауат айтудан еш жалықпаймыз.
Жүрсек тағы қанша жерден тақуа боп,
Сенің бір тал шашыңа біз татымаймыз.
Мақтан тұтам үмбетіңнен болғанымды,
Шын жүректен айтсам бір-ақ арманымды.
Мен қалаймын қияметте үмметіңе,
Тек өзіңнің шапағатшы болғаныңды.