139
Бақыт Сабыржанұлы,
Алматы облысы.
Бір Алланың кереметін
қараңыз
Бір Алланың кереметін қараңыз,
Таңғалумен өткен талай бабамыз.
Адамзатқа керектіні мол берген
Жаратушы – бәріміздің панамыз.
Күн менен түн кезек-кезек жалғасып,
Жазы ыстық, ал қысында қар басып.
Құдіретімен жасап қойған төрт мезгіл
Мәңгілікке келе жатыр алмасып.
Көк аспанды қара жерге төңкеріп,
Түнгі аспанды жұлдыздармен көмкеріп,
Сенің ғана әміріңмен, Жаратқан,
Айың туып, батар Күнің еңкейіп.
Қыста мұз боп қатқан далаң,
Көктемінде гүл берген
Жазда жеміс төгілдіріп,
Жиып алар күз берген.
Ұлы таулар, кең даласы, дариясы, көлдермен,
Орман, суын, жасыл нуын, бірдей қылып тең бөлген
Жаздай жеміс төгіп-төгіп,
Ал қысында табиғат мүлдем өзгерген.
Жан-жануар, адамзатқа ұғысатын тіл берген,
Тіршілікте сансыз жанға несібесін тең бөлген.
Бір Алланың кереметін ақыл менен көз көрген.
Жас кезінде қызық қуып
Қартаятын жас берген.
Немере деп, шөбере деп,