Previous Page  145 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 256 Next Page
Page Background

145

Қалкен Смайл,

Жезқазған қаласы.

Көркеммінез – көркіміз

Сауап жинау - өміріңнің бар мәні,

Имандылық - адамдықтың нәр дәні.

Бейкүнә боп өту ғана өмірден –

Мұсылманның ең ардақты арманы.

Тіршілікте қиындыққа көнесің,

Көне жүріп өсесің де өнесің.

От жалын боп алаулап кеп жалғанға,

Жас ұлғая бірте - бірте сөнесің.

Кәпірлікті тия алмайсың өтініп,

Дұшпанды кеш келмесе де өтініп.

Мойындайды қателігін мұсылман,

Бір Аллаға тәубе қылып, өкініп.

Өмір мәнін бала жастан құлай ұқ,

Жаратқанға шүкіршілік қылайық.

Барға базар, барлық мақтау, ұлылық,

Хақ тағала бір Аллаға лайық.

Күпіршілік астамсынап мақтанған,

Арам пайда - қара беттен аққан қан.

Ойнасаң да ойлап сөйле, абайла,

Ібілістен сақтанған жөн, сақтанған!

Билей алмас ешкім бүкіл әлемді,

Сайтандар жүр жұқтырам деп пәлемді.

Мұсылманның мұсылмандық парызы –

Шын ниетпен түзу беру сәлемді.