140
Аллаға мадақ
Басыңа қосып бас берген.
Аң-құсымен, балығымен
Асыңа қосып ас берген
Ыстық-суық өтпейтін
Миды басар шаш берген.
Астыңа тұлпар мінгізіп
Неше түрлі кигізіп,
Таңдаған жарын сүйігізіп,
Денсаулықтың барында
Білмегенді білгізіп,
Алшаң да басып жүргізіп,
Бақ берем десе бақ берген
Тақ берем десе тақ беріп,
Өнерге толы қызыл тіл
Талмайтұғын жақ берген,
Жақсы-жаман көрсін деп,
Ақылмен ойлап білсін деп,
Бармақтай ғана көз беріп
Бағындырып ақылға
Таусылмайтын сөз беріп
Теріп жейтін несібе
Жетелейтін ұрпағын
Өнерге толы қол берген.
Бәрін беріп бір Алла
Дұрыс сілтеп жол берген.
Құсқа да Алла ми берген,
Қаңқ етер жалғыз тіл берген,
Жұмыртқадан ұрпақ өсіріп,
Жылы жаққа ұшар бір деннен
Бармақтай миы болса да,
Жолсызбен Алла жол берген,
Жобалап ұшар көз берген,