143
Таңдаулы діни өлеңдер
Аллаға жалбарынып жылағаның,
«Кешіре гөр», - деп үмметімнің күнәларын.
Уа, Мұхаммед, сен Алланың досысың ғой,
Қабыл болған сенің барлық дұғаларың.
Пайғамбарым, мінезің сенің қандай көркем,
Сахабалар жанынан артық жаксы көрген.
Бакытты ғой сахабалар өйткені олар,
Көзбен көріп қасыңда бірге жүрген.
Пайғамбарым және өте шыншыл едің,
Әрқашанда шындықты айтып шын сөйледің.
Өтірік сөз ол тозақтың тамыры деп,
Әрбір айтқан хадисіңде ескертетін.
Өте жомарт және кең пейілді едің,
Панасы жоқ жетім жесір кедейлердің.
Қорғаны боп, уа, сүйікті Пайғамбарым,
Аянбадың оларға көп көмек бердің.
Пайғамбарлар ішіндегі абзалысың,
Көркем мінез және өте сабырлысың.
Сабыр сақтап қиналған кездеріңде,
Ал қуансаң көркем түрде жымиясың.
Қарапайым лашығыңда өмір сүріп,
Қаламадың зәулім сарай дүние мүлік.
Түнгі намазға тұрған кезде лашығында,
Айша анамыз орын берген аяқ бүгіп.
Пайғамбарым көрмесемде нұр жүзіңді,
Сағынам сені оқып әрбір хадисіңді.