141
Таңдаулы діни өлеңдер
Ұшақпен жетер жерлерге
Қанаттыға әл берген
Көктем мен күз кезінде
Осының бәрін көз көрген
Өлім мен өмір алмасып,
Гүл басып, жерді қар басып,
Қолсыз-ақ ұрпақ өсіріп,
Келеді құстар жалғасып.
Бір Алла жар боп бәріне
Ұрпаққа-ұрпақ жалғасып,
Балық пенен бақаға
Өмір сүрер су берген,
Су жағалай ну берген,
Қауіп-қатер болғанда,
Су астында тең көрген.
Тышқан, жылан, шаянға
Жер астынан ін берген.
Інде ұрпақ өсіріп
Өніп-өсер ми берген.
Әлсіздерге әл берген,
Тау менен тасты толтырып,
Неше түрлі аң берген.
Жеміс толы жер берген
Рызығы мен нәсібін
Барлығына тең бөлген!
Осының бәрі дәлел ғой,
Қалай ғана көрмейміз?!
Ұлы Шебер құдіретіне
Қалай ғана сенбейміз?!