Previous Page  142 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 256 Next Page
Page Background

142

Бердікәрімов Ғалымжан,

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы.

Менің сүйікті

Пайғамбарым!

Адаспасын, теріс жолға бармасын деп,

Бар өмірін құлшылыққа арнасын деп,

Жіберді Алла елші қылып Мұхаммедті (с.ғ.с.),

Құлдарым тура жолдан таймасын деп.

Халықты Алла дініне шақырам деп,

Құранменен ақиқатты танытам деп.

Жүрсе дағы олар сенбей мазақ қылды,

Оның бәрі өтірік жалған деп.

Аяусыз ұрып соғып тас боратты,

Пайғамбарымыз көп қиналып азап тартты.

Халықтың көзін жоюға Жәбірейіл,

Келген кезде тоқтатып былай тіл қатты:

«Жіберілдім тура жолға тартқалы,

Келгенім жоқ қарғыс лағнет айтқалы.

Білместікпен адасқан тура жолдан,

Бұлар менің үмметімғой артымдағы».

Кәпірлер көріп намаз оқып жатқаныңды,

Үстіңе жаман түйе қарнын ақтарыпты .

Сонда дағы «Ләиләһә иллаллаһ»,- деп,

Ашуланбай оларды дінге шақырыпты.