Previous Page  3 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 256 Next Page
Page Background

3

МҮШАЙРАЖАЙЛЫ

Құрметті оқырман! Тіл мен әдебиет қашан да

халықтың руханиятын байытуға қызмет етуі тиіс.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сөзде сиқыр бар» деп

ескерткеніндей, сөздің құдіреті мол. Сөз адамның

жан дүниесін жадыратып, алпыс екі тамырын ара-

лап, жүрек қылын тербейтіні сөзсіз. Бір ауыз сөзбен

қасіретті тарқатып, айықпас дертті жазуға болатынын да

ақындарымыз жырлап өткен.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2010

жылы Діни өлеңдер мүшайрасын ұйымдастырды.

Мақсат – хақ дініміз Исламның құндылықтарын тек

мешіттердегі имам-молдалардың сөздері немесе газет-

терде жарияланатын діни мақалалар арқылы ғана емес,

сондай-ақ әдебиетіміз, соның ішінде поэзия арқылы

да насихаттау. Өйткені халқымыздың жүрегіне жай

қара сөзден өлең жақын. Қазақтың жай сөздің өзін

ұйқастырып, өлең етіп сөйлейтіндігін айтып, кезінде

немістің әйгілі ғалымы В.В. Радловтың тамсанғаны бар.

Халқымыздың бас ақыны, хакім Абай да өлеңді сөздің

патшасына тегіннен тегін баламаса керек. Тіпті «тілге

жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айна-

ласы» деп өлеңнің негізгі өлшемін де ұсынған жоқ па еді?

Олай болса, дініміздің асыл қазыналары да неге шумақ-

шумақ жыр дестелерімен төгілмесін?! Екіншіден, сәтті

шыққан бірқатар өлеңдердің сазын жаздырып, биік сах-

наларда ән етіп шырқату ниетіміз де болды. Себебі кейде

әншілеріміз сахнаға алып шығатын мазмұны дұрыс өлең