Previous Page  12 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 256 Next Page
Page Background

12

Аллаға мадақ

Ісіміз де, сөзіміз де тек сылдыр су, май емес,

Денемізге, жасымызға ой-өреміз сай емес.

Уақыт өтіп зымырады, көп күнді артқа тастадық,

Жиналдық та біз бір күні «сасық сұхбат» бастадық.

Біздің сабаз, сері жандар таудан, тастан қайтқан ба,

Бір-бірінен асып түсті «зина» жайын айтқанда.

Бірі айтты: «Мен бәріңнен асып түскен батырмын,

Себебі мен, он бестегі оқушыны қатырдым»…

Дедім мен де: «Сен, балақай, бүгін менен ұтылдың»-,

Деп келдім де, сөйлемімді «қатырдыммен» бітірдім.

Арамызда мақтанбаған қалды «сары қу» ғана

Даусын қырнап, бір жұтынып, қарап тұрды қулана.

«Мен сендердей тым тұрақсыз, өте ақымақ емеспін,

Бір аруға бір ай барам, одан кейін елеспін.

«Сүйемін»деп, «күйемін» деп ресторанға шақырам,

«Жарым етіп аламын» деп, тура бір ай қатырам.

Қазір міне, тура сондай бір сорлыдан келемін,

Анда-санда беріп қоям тиын-тебен керегін.

Обалы не, ол бір байғұс: «Алады» деп сеніп жүр,

Жай айтамын, қатты айтамын бәріне де көніп жүр.

Бойы ұзын, шашы иықтан, сұлу көздің қарасы,

Күйеуінен қайтып келген, бар екен бір баласы.