Previous Page  14 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 256 Next Page
Page Background

14

Аллаға мадақ

Кіріп келдім, үй тып-тыныш, жоқ секілді бір адам,

Қарындасым шынымен мас,жатыр сезбей сұлаған.

Жүзім кетті қап-қара боп, қаным тепті басыма,

Өлтіруге бел байладым тіпті сондай асыға.

Ұрып...әлде,буындырып өлтірсем...тез табады,

Шайтан маған көмек беріп әртүрлі ой салады.

«Уланыпты» деп айтсын деп барлық газды аштым да,

Есік жауып, қалдым ойға сатыға аяқ бастым да:

Бір құрсаққа сыйыса алған бауыр ек қой біз кеше,

Бір дүниеге сыя алмайтын не боп қалды ендеше?..

Газды жаптым,қия алмадым қарындасты көрікті,

Шарасызбын екі көзге бердім енді ерікті.

Мен өзіңді лас өлімге қимаймын ғой қарағым,

Кім береді санамдағы сан сұрақтың жауабын?..

Бұл қоғамды кінәладым күнәлі істен құралған,

Ақырында таптым жауап Қасиетті Құраннан.

Құдай мені кешер деген үмітім бар күтулі,»-

Деп көздері жасқа толып, әңгімесін бітірді.

Ойланайық біз де бір сәт,мұнда бізге сабақ бар,

Санаңда бір сұрақ туса, соған лайық жауап бар.

Серіліктен бастау алса бүкіл қайғы, бүкіл мұң,

Қарындасты қорлап біткен «серілікке» түкірдім.