Previous Page  17 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 256 Next Page
Page Background

17

2-орын

Бауыржан Қарағызұлы,

Астана қаласы.

ДҰҒА

Ең шебер, ең Дана, ең Көркем – бір Алла,

Ең сұлу Есімің естілсін дұғамда.

Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед таратқан

Ең тұнық ақиқат құлпырған Құранда.

Қайырмасы

Жаратып әдемі ғаламды,

Жаратқан әкемді, анамды.

Кешірші, кешірші, Уа, Алла...

Сөзімен адасқан адамды.

Бір Саған сыйынып көңілге гүл ектім,

Жаныма саулаған нұрыңды жыр еттім.

Саф Ислам – мерейім, пәк Иман – шаттығым,

Хақ Алла, қабыл ет тілегін жүректің.

Қайырмасы

Жаратып өмірді, өлімді,

Жаратқан жерімді, көгімді.

Рахымды әлемнің Иесі,

Ақылдан айырма елімді.

Бес күндік өмірім – бес уақыт намазым,

Үмітім – Жұмағың, Арманым – Назарың.

Қанағат, Шүкірлік, Сабырлық, Иман бер,

Таусылып дәм-тұзым, жеткенше ажалым.