Previous Page  23 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 256 Next Page
Page Background

23

Таңдаулы діни өлеңдер

Бақыт деген – бір Құдайға құлшылық!

Қолыңды соз бақытыңа құлшынып.

Адамдардың барлығына,

Ол аз десең тағдырыңа арта берме сен өкпе,

Мұның бәрі осыншама қайғыруға себеп пе?..

Саған мысал айтайыншы керек пе?

Баяғыда екі бақа байқамай,

Күмп етіпті қаймақ толы шелекке.

Қос бақаның біреуі жыласын кеп өкіріп,

Тағдырына мұндай сынға тастаған,

Бойына да бір шелектен аспаған,

Жалпы айтқанда.., бақа болып туғанына өкініп.

Ал, сыңары жігерлі, сыр бермейтін сынбайтын,

Мақсатына жетпегенше тынбайтын.

Құтқаршы деп тура келген ажалдан,

Құдайына дұға етті өтініп.

Созылыпты ұзаққа өмір-өлім майданы,

Жақсы бола қоймайды ғой жай бәрі.

Үміт үзген көлбақа хош айтысты досымен,

Бірге өскен шалшық суда сайдағы.

Ал екінші бақа болса тырбаңдауын қоймады,

Әңгімеге құлақ түрмей қайдағы.

Тырбың-тырбың шалпылдата берген соң,

Май боп қатты қаймағы...

Мысалымды түсін мейлі, түсінбе,

Бақытты адам болам десең жетеді оған

ақылың да, күшің де.

Адам деген жасау керек әрекет,

Ең аяғы сорлы болу үшін де.

Сөз соңында айтатыным бауырым,

Бақыт деген – мешіттің сыртында емес, ішінде!