27
Өлеңдер топтамасы үшін
3-орын
Кенжебаев Тұрмағанбет,
Алматы қаласы.
«...Құдай сүйген құлға
қорқынышта, өкініштежоқ!..»
«Жүніс» сүресі, 62-аят.
Ризамын Тәңірдің бергеніне,
Тіршілікке келгенім – көргеніме!..
Кеткен аз ба көз жұмып жөргегінде,
Өткен аз ба айналып ермегіне!?.
Разымын тағдырым – талайыма,
Жүгіргем жоқ тірліктің оңайына...
Жығылмадым күштінің қолайына,
Жәрдем еттім әлсіздің талайына!..
Жаратқанға мың алғыс сезім берген,
Жырласын деп өмірді көзім көрген...
Сұрасын деп езіліп, егілгеннен
Сақтасын тек тасынып, төгілгеннен!..
Ризамын, Тәңірге, разымын!..
Нұрын төгіп тіршілік шырағының,
Нәрін беріп ұлы өмір бұлағының,
Қанатынан ұстатқан пырағының!..
Разымын бәріне, ризамын!..
Тәубе етемін Тәңірге – сиынамын!..
...Өз кеудемде тұрғанда шыбын жаным
Көрсем болды өмірдің бұйырғанын!..