32
Аллаға мадақ
Зікір айтсам нұрланып көкірегім,
Тәубе қылып өткенге өкінемін.
Өзің-құлым расул-үмбетім деп,
Махшар күні жарылқа өтінемін.
Хақты тану қалауы ақылымның ,
Ілімсізбін таухидтан мақұрыммын.
Мейірімді Раббым рахымың шаш,
Құлың мың құлдық ұрған пақырыңмын.
Сен мәңгісің кемеңгер таңғажайып,
Басқаның бәрі бекер алма ғайып.
Не мақсатпен жаратсаң соны сыйлап,
Құлдық ғұмыр бергейсің құлға лайық.
Ұлы ұстазым
Жалғыз дос жаратқанға Нұр Мұхаммет
Алла сүйіп жаратып берген медет
Тілейді ыстық сәлем игілікпен
Мархабалап соңынан ерген үмбет
Азанда асқақтаған бұл бір есім
Адамзаттың сұлтаны біз білетін
Айналдым сүннетің мен хадисіңнен
Естігеннің жүрегін идіретін
Көрсеткен дей құранда
Салауат айтып бір Алла
Періштелер үн қосып
Айналдырған ұранға
Мархабалап үмбеті
Қосылады бұларға