37
Таңдаулы діни өлеңдер
Көркем мінез – көркіміз
Хақ тағала!
құлдарымыз қоныстанған жерді біз.
Бұзылмасын Алла сөзі сертіміз,
Ар-ақиқат дүние арты белгісіз.
Ар-ұятың алтынға да бергісіз,
Ақыретте Хақ-тағала алдында,
Иманымыз – ишарамыз, белгіміз.
Қызғыш құстай құлға бас боп күн кештік,
Неге жұртым көбіктенді күндестік.
Ар ұятты кейін қойып ысырып,
Үйренгенбіз ұятсыз сөз күнде естіп.
Барлық адам борышты боп туады,
Білсін бәрі ақиқат дін туралы.
Аллаһ болсын жүрегінің ұраны,
Жұмақ болар жақсы жанның тұрағы,
Хақ тағала мейірімнің шуағы.
Дабыр шақта
Сабыр сақта,
Бой алдырма ашуға,
Сабырсыздың берекеті қашуда.
Көркем мінез қасиеті керемет,
Өмір деген өтпелі кез асуда.
Тәкаппарлық тақілетті тақтан түс,
Жайлы мінез жүрегіңде жатқан күш
Көркем мінез құл пендеге мақтаныш.
Әдептілік иманыңды сақтар күш,
Жақсы мінез жаралғаннан мақтаулы іс.