Previous Page  39 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 256 Next Page
Page Background

39

Ынталандыру сыйлығының иегері

Алмас Темірбай,

Көкшетау қаласы

ДҰҒА-ТІЛЕК

Кешіре гөр құлыңды, Алла,

Қолын жайып тұрған мына.

Зорға жеттім осы күнге,

Тұла бойым ─ тұнған күнә!

Сол күнәдан арылатын,

Ғұмыр берші, уақыт берші.

Үлкен байлық қажет емес,

Бір кішкентай бақыт берші!

«Лә иләһә илла-Аллаһ», ─ деп,

Бір жеңілдеп қалды денем.

Жиған дүнием жұғын болмас,

Иман берші алдыменен...

Қайырмасы:

Құдіретті, қуатты Алла,

Мейірімді, шуақты Алла!

Бұ дүниеде жылатсаң да,

О дүниеде жылатпа, Алла!

Мың көпірден құлатсаң да,

Қылкөпірден құлатпа, Алла!

Жын-шайтанға жуытпа, Алла,

Жүрегімді суытпа, Алла!

Тәубемнен кейде жаңылып,

Пендешілікке салынып,

Мен сені ұмытсам да,

Сен мені ұмытпа, Алла!

Алла, Алла!

Жылау үшін жаратты, Алла,

Жыла, жаным, жыла, жүрек!