Previous Page  43 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 256 Next Page
Page Background

43

Таңдаулы діни өлеңдер

Құстарға қарап қанатын жайып қалқыған,

Еркіндік көрем шеті жоқ шексіз шалқыған.

Бұлда бір шіркін құдіреті шексіз тәңірдің,

Соларды көріп жүрегім жылап, балқыған.

Күн батқан кезде төңіректі түнек басқанда,

Орнатқан айды жарық қып алып аспанға.

Тәңірдің күші осы ғой нағыз ұлылық,

Сәуле кеп түсер алыста тұрған тастан да!

Жымыңдап тұрған жұлдыздар қандай моншақтай,

Түнгі аспанда жарқырап жатыр мұң шақпай.

Әсемдік осы жалғаса береді тоқтаусыз,

Шығыстан нұрлы шырағын төгіп күн шықпай.

Осыны түсінген адамдар хақтан сый алсын!

Адастырар адамды жолдан қиял сұм!

Қиялдап білем дегендер хақтан қорықсын!

Шебермін деген, шебермін деуден ұялсын.

Себебі Алла ең шебер ұлы жаратқан.

Құдыретін оның зерттеуге әр кез талаптан.

Ең ұлы шебер Алладан асқан шебер жоқ,

Қалаған құлын құбылаға қарай қаратқан.