46
Ынталандыру сыйлығының иегері
Дүкен Мәсімханұлы,
Астана қаласы.
Мадақжыры
Ағарып ақ таң атқаны үшін,
Жарық нұр жерді жапқаны үшін.
Ғаламның мынау ақтарып ішін,
Қызарып күннің батқаны үшін –
Аллаға мадақ!
Өзеннің тулап аққаны үшін,
Көлдердің көлкіп жатқаны үшін,
Тірі жан болып шапқаның үшін,
Тірліктен талшық тапқаның үшін –
Аллаға мадақ!
Аязы менен аптабы үшін,
Пәниде сор мен бақ бары үшін,
Ыстық қан бойда аққаны үшін,
Жүрекке сәуле жаққаны үшін –
Аллаға мадақ!
Жазира дала, таулары үшін,
Бал-шырын нәсіп – бау-бағы үшін,
Аспаннан ырыс жауғаны үшін,
Емшегін жердің сауғаның үшін –
Аллаға мадақ!
Ай менен күннің аманы үшін,
Шекеңе жазған заманы үшін,
Ауысқан маусым, амалы үшін,