51
Ынталандыру сыйлығының иегері
Қойбағарова Батима
Талдықорған қаласы
Бәрі де, бәрі Алладан
Тіршілік тынбас қайнаған,
Көз тартар гүлдер жайнаған,
Қанатты құстар самғаған
Бәрі де, бәрі Алладан.
Мөп-мөлдір бұлақ сылдыры,
Қоңырау-жездің сыңғыры,
Домбыра – күйдің күмбірі
Бәрі де, бәрі Алладан.
Теңіздің жал-жал толқыны,
Найзағай сүңгі жарқылы
Мезгілдің соғар салқыны
Бәрі де, бәрі Алладан.
Жарысып, бұлттың көшкені,
Тамшының тасты тескені,
Тас жарып,гүлдің өскені
Бәрі де, бәрі Алладан.
Нәсілдің қара, ақ түсі,
Тағдырдың ащы-тұщысы,
Пенденің әлсіз-күштісі
Бәрі де, бәрі Алладан.
Сәбидің былдыр уілі,
Лайлы судың тұнуы
Бауырдай,сүттің ұюы
Бәрі де, бәрі Алладан.