54
Аллаға мадақ
Ел сөз еткен жүзі неткен арайлы,
Жан-жағына шуақ шаша қарайды.
Нұр төгілген жылы жүзі, тұлғасы,
Бір көргеннен тамсантатын талайды.
«Қайтсем екен, бәлкім рұқсат сұрармын,
Пәтуасы бар ма бұндай шыдамның?!
Зинаға да жол беруге болар ма,
Жөніменен, сөзіменен Құранның?!».
Деген оймен келген кезде, мұңайып,
Сөз бастады Жүләйбиб.
– Уа, Алланың елшісі!
– Құлағым сенде.
– Зина жасауға рұқсат етсеңіз деген тілек бар менде?
«Мына ессіздің барынан да өлгені
жақсы ғой» деп тұра ұмтылған өзгені.
Басты-дағы, төрде отырған пайғамбар
Жүләйбибім, жақынырақ кел!», - деді.
Сәл кідірді.. сірә, енді тіл қатпақ,
Ойлы отыр-ау әлденеден сыр баптап.
Шынында да, «басын ашқан жақсы ғой»,
Бұл қашанғы бұғып жүріп, түн қатпақ?!
– Әй, Жүләйбиб!
– Сізді тыңдап отырмын.
– Анаң бар ма?
– Бар.
– Айтшы, басқа біреудің өз шешеңмен зина
жасағанын қалар ма едің?
– ?...