56
Аллаға мадақ
Сөз жебесі дәл тигендей сыңай ғып,
Қалың ойға шомып кетті Жүләйбиб...
Дәл осы сәт қолын қойып Жүләйбибтің төсіне,
Хақ Пайғамбар дұға етті:
– Уа, құдіретті Аллам!
Күнәларын кешіргін,
Қателерін өшіргін.
Қабыл алып тәубасын,
Ар-ұятын өсіргін!
Әумин!
...Содан бастап ұмыт болып кешегі,
Көргендердің айтуынша, Жүләйбиб
Сахабалар арасында жастардың
Ең ұятты бірі болған деседі.
Әз елші өзі бар қамқорын салған соң,
Ақ некемен адал жарын алған соң.
Ер Жүләйбиб бір ғазауат кезінде
Ішкен екен шейіттіктің шәрбатын...
Әр кеселді дәл осылай дендеген,
Ақылға сап, ашуға ерік бермеген.
О, Расулым, неткен жансың талайды,
Пышақсыз-ақ парасатпен емдеген!
Сенің жолың біздің нұрлы болашақ,
Дін-тәрбиең ізгілікке жол ашады.
Әр үлгі ісі жүрегіңді тербеген
Қандай ғажап, пайғамбарлық парасат!