Previous Page  62 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 256 Next Page
Page Background

62

Аллаға мадақ

Ұшына тілдің дәм берген,

Дәмменен бойға нәр берген.

Асыңның басы осы деп,

Қауашақ жарып, дән берген.

Иманнан бойды таса ғып,

Доңыздың етін асадық.

Халалдан харам өндіріп,

Бидайдан арақ жасадық.

Өкпеңе ауа-дем берген,

Дертіңе дауа-ем берген.

Босқындай босып кетпеуге

Далитып дала-ел берген.

Қалтаға қаржы қымқырдық,

Астауға биік ұмтылдық.

Отанды сүю тек тұрсын,

Нәсібін елдің жымқырдық.

Шам етіп ортақ Күн берген,

Ол үшін алмай құнды елден,

Тынықсын бір сәт жаның деп,

Қараңғы мақпал Түн берген.

Адалды алдап бағамыз,

Жазықсыз көзін таңамыз.

Қараңғы Түнді неліктен

Ұрлыққа пайдаланамыз?!

Дәретпен жүр деп тән берген,

Тәніңе азиз жан берген.

Кірлетпей қайта тапсыр деп,

Кіршіксіз аппақ ар берген.