Previous Page  67 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 256 Next Page
Page Background

67

Ынталандыру сыйлығының иегері

Шотбасов Қайыпназар Жалғасбайұлы.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,

Сарыкемер ауылы.

Мұсылманмын!

Мұсылманмын!

Әлһамдулилләһ мұсылманмын!

Басымды бір Аллаға ұсынғанмын.

Жат ойды жадымнан мен ысырғанмын,

Бір кезде мұны айтуға қысылғанмын.

Құлымын, бір Құдайдың шын құлымын,

Мойындаймын, жеткіліксіз құлшылығым.

Санамды билеп кеткен тіршілігім.

Сеземін дұрыс емес бұл қылығым.

«Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін, -

Деп жүрмін, - дін Исламмен бірге тәнім».

Тірліктің кім бүтіндер мың кетігін?

Аятқа қайтса деймін күнде тілім.

Емеспін діннен безген, ділден безген,

Ойландым дәл есімді білген кезден.

Табиғат жаратушы деп жүріп-ақ,

Жүрегім Алла барын бірден сезген.

Ұнатам Құдай сөзін, Құран сөзін,

Бас иіп Жаратқанға тұрар сезім.

Салмақтап күнәм менен сауабымды,

Күтемін өзі бәрін сұрар кезін.