68
Аллаға мадақ
Білемін қырық парыз бар екенін,
Оларды, шынында да, шала өтедім.
Қайталаймын кәлимамды қайта-қайта,
Ойлаймын тек Алланың жар екенін.
Жалынам Жаратқанға шын ағынан,
Пендемін – сауап табам, күнә қылам.
Қорқамын бір Алланың сұрағынан,
Дәмем бар бақи дүние жұмағынан.