71
Имашев Балғынбек,
Астана қаласы.
Мұхаммед – Алланың елшісі
Жазалайтын кәпірді мәңгі отымен,
Қуантатын мүминді жәннатымен,
Жаратқанға сыйынып құзыры кең,
Бастадым Рахман, Рахим Алла атымен!!!
Әлемдердің Раббысы Рахман Алла,
Жалғыз өзі лайық мақтағанға.
Сәлем менен салауат – Расулуллаһ,
Саллаллаһу ъалейһи уә сәлләмға!
Бізге сынақ еткен соң фәниді Алла,
Адамзаттың бақыты – ар иманда.
Өмір мәні – жүрекпен сеніп тұрып,
Тілмен айтқан куәлік кәлимаңда.
«Лә иләһә илләллаһ» – тоқ етері,
Мұның мәнін ұққанға не жетеді?
Бұл – құлшылық жасауға лайықты,
Алладан басқа Тәңір жоқ екені.
Сені Хаққа осы сөз сыйлы етеді,
Барлық жалған тәңірді күйретеді.
Ал «Мухаммәд расулуһу» – құлшылықты
Қалай жасау керегін үйретеді.
Пайғамбарша орындап парызыңды,
Қайтаруға асық бол қарызыңды.
Адамзаттың Мұхаммед – асыл тәжі,
Сондықтан да әлемге нағыз үлгі.