76
Аллаға мадақ
Тоқтаған жоқ адамдардың жалғасы.
Қайталанбас еш бір адам затының,
Келбеті мен саусақтағы таңбасы.
Кәусар берді бастауынан бал аққан,
Барша жүзді Құбылаға қаратқан.
Аллаһ - Жалғыз, Ол өзінен басқаның,
Барлығын да жұп-жұбымен жаратқан.
Дүниеде жан-жануар қорегін,
Миллиардтаған адамдардың керегін.
Нәсіп етті ұлы Алла – ар-Раззақ,
Есептемей түр-түсі мен көлемін.
Жұпар иіс, көз тартатын түрлері,
Жерден өсті Аллаһтың сан гүлдері.
Ал пенделер иісі жоқ, өспейтін,
Пластмасстан аса алмады ілгері.
Аллаһ - Жалғыз, сонда ғайып пердесі,
Ол - Мұқтажсыз, тілесең, жоқ бермесі.
Ұлы Аллаһ туылмаған, тумаған,
Және оның әлемде жоқ теңдесі!
Мәңгілік нұрдың шамшырағы
Халықтың да, хақтың да ықыласына бөленген,
Бұл ғаламның тарихынан жалғыз адам көрем мен.
Сені жырлап жазуменен көркемденді сөздерім,
Бірақ сенің қасиетіңді жырлай алман өлеңмен.
Иығыңа артылып ед пайғамбарлық жүктері,
Бір өзіңде ғаламзаттың иман атты кілттері.