80
Аллаға мадақ
Өзен жатыр арнасымен сылдырап,
Көк теңіздер көрінеді бұлдырап.
Шеберлігі емей несі Алланың
Сарқырама ағатұғын құлдырап?!
Әсемдік бар жеткізілмес сөзбенен,
Ұғасың ба Айдың сырын Күнменен?
Шеберлігі емей несі Алланың
Басқалардың бұйрығымен жүрмеген?!
Жәндіктер де өз өмірі иесі,
Жұғылмаған жамандықтың күйесі.
Шеберлігі емей несі Алланың
Құран кітап – кітаптардың киесі?!
Көк аспанның құбылысы өзгерген,
Мұны қалай суреттейміз сөздермен.
Шеберлігі емей несі Алланың
Қарапайым найзағайы көз көрген?!
Жерде аңның, көкте құстың самғаған,
Қайталанбас түрлеріне таң қалам.
Атағанша шеберлерді шебер деп
Алланы ата, Алланы ата, жан балам.
Ол өрнекші болса – біздер өрнегі,
Бар тіршілік иесі Алла жердегі.
Таныса да шеберлерді біреулер
Бір Алланың шеберлігін білмеді.
Шеберлігін айтар болсақ – мына біз,
Мұны қашан түсінеміз, ұғамыз?