Previous Page  75 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 256 Next Page
Page Background

75

Кесебаев Мирас Күмісбайұлы,

Алматы қаласы,

Қазақ Ұлттық Университетінің 2-курс студенті.

Шеберді шебер дегенше,

Алланышебер десейші!

Бұл өмірге мұсылман боп келгесін,

Көп толғанып, Алланы ойлау - ерге сын.

Көз салайық мұғжизаға Алланың,

Қос теңізді бөліп жатқан пердесін.

Жиырмасыншы ғасырдың бұл кемдігі,

Техникамен дәлелденді ендігі.

Таң қалдырған бұл жаңалық Құранда,

Он төрт ғасыр бұрын болды белгілі.

Ақау бар ма Алланың бір ісінде?

Әр адамды су тамшысы пішінде,

Аналардың жатырында өткізді,

Үш қабатты қараңғылық ішінде.

Микроскоп ойлап таптық ғылым деп,

Енді көрдік үлкейтілген түрінде.

Бұл ғажайып баяндалған Құранда,

Мың төрт жүз жыл өтіп кетті бүгінде.

Алты күнде үстем қылып ұлы атын,

Он сегіз мың ғаламды бар қылатын.

Кемшіліксіз Аллаһ шебер десейші,

Әр ісінде хикмет тұнып тұратын.

Жүйрік уақыт - өмірдің бір арнасы,