79
Наурызбекова Сыйлыгүл,
Атырау облысы,
Индер ауданы,
Б.Нысанбаев атындағы орта
мектептің 10-сынып оқушысы.
Шеберді шебер дегенше,
Алланышебер десеңші!
Алла атын айтар болсақ қайталап,
Жаның түгіл, тәнің дағы жай табад.
Мейлі тыныш, мейлі жүргін айқайлап
Алла бары қай жерден де байқалад.
Сал көзіңді айналаңа үңіліп,
Зеріңді сал бар тұрғанға білініп.
Содан барып бұл Жаратқан Алланың
Шеберлігін, тылсым күшін, сырын ұқ.
Алла – шебер, тең де келмес теңеулер,
Бәрін адам жасап жатыр демеңдер.
Адамды да жаратқан сол бір Алла,
Тек осыны жүрекпенен елеңдер.
Алланы тек көре аламыз жүрекпен,
Бір Аллаға табынумен күн өткен.
Шеберден де шеберлігін Алланың
Қосып сөзге талай ақын жыр еткен!
Таулар жатыр зеңгір көкпен таласқан,
Талдары бар өн бойына жарасқан.
Шеберлігі емей несі Алланың
Шебер бар ма бұл ғажаппен санасқан.