Previous Page  84 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 256 Next Page
Page Background

84

Нұрбек Түсіпхан,

Алматы қаласы.

Әз пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.)!

Әуелі жалғыз Аллаһ ием менің,

«Лә иләһә иллаллаһ» сүйенгенім.

Пәк Мұхаммед (с.а.у.) үйреткен жол болмаса,

Мен де қарғыс қамытын киер ме едім?..

Әз Мұхаммед (с.а.у.) «ғаламның рақым нұры»,

Артынан ерте білген ақылдыны.

Құран Кәрім Аллаһтың адам үшін,

Жіберілген фаниге ақырғы үні.

Екі әлем сардары, асыл текті,

Үмбеті үшін қол жайып, жасын төкті.

Тілегі қабыл болып, содан бері,

Мұсылманбыз, қаншама ғасыр өтті.

Әз пайғамбар (с.а.у.) біз үшін аянбады,

Аллаһтың тура жолын баяндады.

Тез арада әлемге тарап жатты,

Жәбірейіл (а.с.) жеткізген аяндары.

Жалғыз шамам келмес деп жабықпады,

Ренжімеді, шаршамай жалықпады.

Қанша қастық, теперіш көрседағы,

Ойлағаны тек қана халық қамы.

Айналасын «иманға келші» деді,

«Сөзіме менің айтқан сенші» деді.

Қайран елім, сендерге бағыт сілтеп,

Аллаһтың өткен талай елшілері.