Previous Page  87 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 256 Next Page
Page Background

87

Өтеген Күмісбаев,

Алматы қаласы.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с)

Ақша бұлтты төбемде ойнақтаған,

Пайғамбардың жүзі деп ойлап қалам.

Мұхаммедтегі ізгіні сағынасың,

Алай-дүлей заманда ой қаптаған.

Жамандыққа жамандық жасамаған,

Жүректерге жол тапқан жасанбаған.

Адамзаттың тұтқасы ардақ тұтқан,

Дана ізгіден дұшпандар аса алмаған.

Теңіздей терең жатқан болмысы кең,

Ғаламның рахым нұры сол кісімен.

Көптен күткен шұғыла жүзі раушан,

Екі әлемге Шамшырақ үлгісімен.

Баршамызға мақтаныш күндей күлген,

Екі әлемнің Сардары суды тілген.

Хақ дінімен дүниені нұрға бөлеп,

Жүректердің Сұлтаны бола білген.

Пенде біткен қараған ұрланып бір,

Жарқыраған ақ жүзі нұрланып тұр.

Жаратушының жаршысы мәртебелі,

Жаңа піскен егіндей ырғалып тұр.

Үмметіне тағдырын өнеге еткен,

Алла елшісі бағбандай өмір еккен.

Күншілдер, кекшілдердің іші қайнап,

Оларды тезге салып еңіреткен.