Previous Page  92 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 256 Next Page
Page Background

92

Сарайқажы Маухараұлы,

Алматы қаласы.

Көркеммінез

көркіміз

Мұсылман мінез...

Иманы кәміл болған әрбір мүмін,

Ұғынар сүннеттердің көркемдігін.

Пайғамбар жолыменен етсе амал,

Көркемнен тұрғызылған бұл бір қамал.

Кәлима айт, иман келтір, құлшылық ет.

Хадиске терең бойла мәніне жет.

Жиғаның, тергенің де болса халал,

Бір жолы көркемдіктің болар зекет.

Намазың бес уақыт болмай қаза,

Рухың биік болса, тәнің таза.

Құлышылық көркем іспен ұштасса егер,

Бақида жәннәт жақын, қашық жаза.

Мәдина, Мекке менен Аллаһ үйін,

Есіңе ал, пенде пақыр жиі-жиі.

Раббыңнан рызық келсе, соған шүкір,

Барып қайт, сауабы зор, Рахман сыйы.

Боларсың құлшылықпен мұнда қонақ,

Бұл жерде Жаратқанның мейрімі мол-ақ.

Жолымен ғибадатың өтсе кәміл,

Анадан туылғандай, қашар тозақ.

Бір ай бар Рамазан ұлықталған,

Құлына нәсіп болған жаратқаннан.