98
Аллаға мадақ
Адам айтса нанғысыз,
Ешбір уайым-қайғысыз.
Сәт санап, секунд, сағаттап,
Тамшы су сан түрленді.
Ұйыған қанға айналып,
Сүлікке ұқсас түрге енді.
Сырғыды уақыт күн мен ай,
Алмасып кезек өтуде,
Бір тамшы суға бір күні,
Қонаққа келді періште.
Жәй келмепті Алланың,
Әміріне келіскен.
Келбет кейпін кескіндеп,
Құлақ пен көз ет берді.
Басы мен мұрын ауызын,
Әсемдеді, өйткені
Жасау оған жүктелді.
Періште мінсіз атқарып,
Жұмысы бітіп жөнелді.
Бір тамшы су кешегі,
Өз-өзіне таң қалып,
«Қалайша болды бұл?» – деді.
«Кеше ғана су едім,
Бүгін міне адаммын!
Ойлана да аламын,
Қуана да аламын.
Алақай, мен баламын!», –
деп баяғы тамшы су,