99
Таңдаулы діни өлеңдер
Шат-шадыман күйге енді.
Зікір етіп АллаҺты
Қуанғаннан бүй деді:
«Мені бұлай бар еткен,
Судан кейін қан еткен.
Келбет беріп, жан беріп,
Сап-сау мықты тән еткен
Бір Алла ғой, білсейші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші!»
«Иә, Аллаһым- ол ұлы!
Бәрімізді жаратқан,
Шеберлікпен ғаламды.
Бір өзіне қаратқан!
Келер ме екен қолынан,
Таямын деп жолынан.
Ең шеберің тырмысса -
Жасай алмас шыбын да!»
«Со-олай, қызым», деді әжем,
Ертегісін тәмамдап.
Сол тамшы су - сен едің, –
деді аялы қолымен,
Шашымды менің тарамдап.»