94
Сарқытхан Қастер
Алматы қаласы.
О, пайғамбар (с.ғ.с)
–
жарық
нұры ғаламның
Eй, пайғамбар (с.ғ.с) жарық нұры ғаламның,
Асыл тәжі, ардақтысы адамның.
Бақыты мен махаббаты жүректің,
Берекесі, тыныштығы даламның.
Таңмен бірге түріп түнін сананың,
Шуақ болып өптің жүзін баланың.
Сәби қызды қорғап тірі көмуден,
Мәртебесін биік еттің ананың.
Мүшіріктер өздерінің сорына,
Ұрды сені тас алды да қолына,
Олар үшін ғафу сұрап Алладан,
Өр төзіммен тарта білдің жолыңа
Шуақ болып бар жүрекке сиясың?
Жауыңды да жамандықтан тиясың.
Шәһиттердің майдандағы қанынан,
Ғалымдардың артық көрдің сиясын.
Адалдықты, ізгілікті ту етіп,
Надандықты, арамдықты тұл етіп,
Бай мен кедей, құл мен қожа, хандарды,
Баули білдің бір Аллаға құл етіп.
Бара алмайтын ақылменен байыпқа,
Миғражда көтерілдің ғайыпқа.