97
Анаргүл Жексембайқызы,
Ақтау қаласы.
Шеберді шебер дегенше,
Алланышебер десейші!
«Ерте ме әлде кеш пе еді,
Ешкімнің жоқ есінде».
Дәл осылай басталар,
Жадымнан бір сәт өшпеді.
Әжем айтқан ертегі,
Жаздың саумал кешінде.
Жан әжем ұршық иіріп,
Сұраған мені қиылып.
Көңілімді жықпай бастайды,
Ертегі деген әлемнің,
Сырына терең үңіліп.
«Болыпты бір тамшы су,
Өзгеге мүлдем беймәлім.
Тұрағын таппай жүгіріп,
Жүреді екен ылайым.
Ойда жоқта бір күні,
Ғажайып үйге жолы түсіп
Жарылқады оны құдайым.
Жаңа үй – жай үй емес,
Сан ғажапқа тап болды.
Өткен күндер болып елес,
Тұрағы жоқ тамшы судың,
Басына кеп бақ қонды.