Previous Page  102 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 256 Next Page
Page Background

102

Берік Маратұлы Сұлтанов.

ОҚО, Шымкент қаласы.

Жүректің емшісі, Алланың

елшісі Мұхаммед!

Ақиқаттың ақ жібі сөгілгенде,

Тарағанда надандық өңірлерге.

Кіп кішке қыздары арабтардың,

Қара жерге тірідей көмілгенде.

Лас бұттарға адамдар табынғанда,

Хақты ұмытып нәжіске ағылғанда,

Бұл жалғанда не үшін жүргендерін,

Ойламастан жолынан жаңылғанда.

Сыйластық пен мейірім тоқталғанда,

Өлгендері шыңғырып жоқталғанда,

Бауырлықты ұмытып бір туғандар,

Өлтіруге бір бірін оқталғанда.

Ата ананың қадірі кеткен кезде,

Абыройын пәк қыздар төккен кезде,

Үзілумен туыстық қатынастар,

Биік шыңға надандық жеткен кезде.

Харам аспен толтырып ішін пенде,

Сусындайын шараптар ішілгенде.

Надандықты биікке шығарғандар,

Адамдықты тағынан түсіргенде.

Санадағы сейілтер түнегіңді,