Previous Page  108 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 256 Next Page
Page Background

108

Аллаға мадақ

Тыйып танымға қайшы әдеттерді,

Бұрып жәннаттай жайға беттерді,

Періштелер де пердесін ашпас,

Миғраждан әкеп майда лептерді.

Қуаныш ойнатқан түнерген жүзге,

Жұбаныш ойлатқан гүлі өлген күзге,

Аллаһтың соңғы Елшісі еді Ол

Тек рахым етіп жіберген бізге.

Бүгінде бүкіл жердің бетінде

Тәубеге келген толды үмбетіне,

Қағбаға қарап қатар түзеген көп

Жәннатқа бастар жолдың шетінде.

Қамсызды құртқан қайғы ескіруде,

Үлгісін үндеп қайта ес кіруде,

Мұнаралардан мүбарак аты

Азанмен бірге Айға естілуде.

Сайтанның серпіп көз байлауларын,

Тозақтан қорғап тозбайды арманың,

Аллаһтың саған игілігі мен

Сәлемі болсын әз Пайғамбарым!

Шеберді шебер дегенше,

Алланышебер десейші ...

Әдемілік әрқашан тәтті адамға,

Сурет көрсек бейілміз мақтағанға.

Таң қаламыз жансызға, ал жандыны

Жаратқанға таңдану жат па адамға.

Түсіне алмай жүрсек те көрінгенін,

Тұшына алмай күдік бар көңілде мың.

Аллаһ бірақ біздерге айтпап па еді

Адамзатқа аз білім берілгенін?!