114
Жайнарбек Зандыбайұлы,
Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макин қаласы.
Алла ұлы, Алла аса мейірімді
«...Адамда бір кесек ет бар, егер ол бұзылса, адам
да бұзылғаны»
(Хадис)
Сол кесек ет кеудедегі дір еткен,
Қуат алып дұға менен тілектен.
Раббысына бағынады шүбәсіз,
Жүректерді түрлендіріп гүл еккен.
Қиын қылып сынаса да кей күнді,
Алла ұлы, Алла аса мейірімді.
Құлдық ұрам,
құлдық ұрам мен енді
Пенделіктен ада қылып пейілімді.
Ниет қылып жүрегім мен таңдайым,
Тәкбір айтып тазаланып өн бойым.
Қарай-қарай қимастықпен көтерем,
Сағыныш пен сәжде қылса маңдайым.
Тозақ десе тітіркеніп, түнерем,
Ақырет бар, амал құрып, мұң өрем.
Құрандағы бір аятқа татымас,
Сан құбылып құрасам да мың өлең.
«Бұл жалғанның қызығы да көп»,-десең,
Қателесіп кеттің дер ем көпке сен.